
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы комплаенс офицері Пернебаев Нургали Алиханович «Инженерлік пәндер» кафедрасының оқытушыларымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және академиялық адалдық қағидаларын сақтау мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында білім беру ұйымындағы ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері талқыланды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, оқу үдерісінде заң талаптарын сақтау мен парасаттылық құндылықтарын нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Кафедра ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды бірлесіп жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.