Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары ОҚМА-да тәуелділіктің алдын ал...
24 қыркүйек 2026
1
0
0

ОҚМА-да тәуелділіктің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша акция өтті

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында студенттер арасында тәуелділіктің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында педагогика ғылымдарының магистрі, «Когнитивті мінез-құлық терапиясы» қауымдастығының мүшесі, психолог Айсұлу Тұрсынбаева студенттер арасында сауалнама жүргізіп, тәуелділіктің түрлері, оның адам денсаулығы мен психологиялық жағдайына әсері және алдын алу жолдары туралы ақпарат берді.
Кездесу барысында студенттерге тәуелді мінез-құлықтың алғашқы белгілерін дер кезінде байқап, оның алдын алудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, қиын жағдайларға тап болған кезде психологиялық көмекке жүгінудің маңызы айтылды.

Пікірлер орны (0)