Войти
Басты бет Академия жаңалықтары ОҚМА Фармация ғылыми-зерттеу о...
4 желтоқсан 2025
1
0
0

ОҚМА Фармация ғылыми-зерттеу орталығында өткен ғылыми-зерттеу тағылымдамасы

ҚР ЭТРМ ОШЖДК «Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК филиалы – Астана ботаникалық бағының «Флора және өсімдік ресурстары» зертханасының меңгерушісі, жоба жетекшісі К.С. Избастина және жоба орындаушысы А.С.Абаш AP26101537 «Күнгей Алатауы жотасының қазақстандық бөлігінің табиғи флорасының сирек және экономикалық тұрғыдан құнды түрлерінің генофондын тұрақты басқару және сақтау» ғылыми жобасы аясында 2025 жылдың 26 қарашасы – 01 желтоқсан аралығында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Фармация ғылыми-зерттеу орталығы» ғылыми-зерттеу зертханасында ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті.

Ғылыми тәжірибе тағылымдаманың жоспары мен зертхана қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес жүргізілді:
- Қазақстан флорасының зерттелмеген немесе перспективті өсімдіктер түрлерін анықтау және әзірлеу;
- Өсімдік обьектілерінен биологиялық белсенді заттарды бөліп алу үшін перспективті әдістерді әзірлеу;
- Өсімдік обьектілерінен алынған биологиялық белсенді қосылыстардың химиялық құрылымын зерттеу;
- Қазақстанның дәрілік өсімдіктері негізінде биологиялық белсенді қоспалар, алымдар және дәрілік заттарды әзірлеу.

Тағылымдама барысында екі мекеменің мамандары арасында бірлескен талдау, әдістемелік алмасу және зерттеу нәтижелерін салыстырмалы бағалау жұмыстары жүзеге асырылды. Алынған нәтижелер алдағы кезеңде бірлескен ғылыми жобаларды дамытуға, зерттеу әдістерін жетілдіруге және екі мекеме арасындағы тұрақты ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға негіз болды.

Алынған нәтижелер ынтымақтастықтың тиімділігін және оның іргелі әрі қолданбалы зерттеулерді дамытудағы маңызды рөлін айқындады. Осыған орай, бұрынғы жемісті тәжірибені және өзара ғылыми қызығушылықты ескере отырып, мекемелер арасындағы ғылыми ынтымақтастықты орнату көзделіп отыр. Бірлескен жұмыс жоспарын өзектендіру, зерттеу бағыттарын кеңейту, жаңа тағылымдамалар, тәжірибе алмасу сапарлары мен интеграциялық ғылыми жобаларды ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылды.

Өсімдік ресурстарын сақтау және фармацевтикалық зерттеулерді дамыту саласындағы ғылыми байланыстарды нығайтып, маңызды нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған ұзақ мерзімді әрі нәтижелі әріптестік орнатылады.

Пікірлер орны (0)