
Орталық Азия инновациялық университетінің ұйымдастыруымен Наурыз онкүндігі аясында өткізілген Ұлттық спорт түрлері күнінде қалалық жоғары оқу орындары арасында садақ ату, асық ату және ләңгі тебу сияқты бес ұлттық спорт түрінен жарыс өтті. Тоғыз команда қатысты.
Спорттық жарыстарда мықты өнер көрсетіп, салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлесі үшін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының командасы ұйымдастырушылар атынан Алғыс хатқа ие болды.
