
ОҚМА оқытушыларының Самарқанд мемлекеттік медицина университетіне, Отбасылық және превентивті медицина, қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтауды басқару ФПДО кафедрасына академиялық ұтқырлығы - халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды дамытудағы маңызды қадам. ОҚМА «ЖТД-2» кафедрасының ассистенттері: Баймұратова Б.Н., Қуанышева Б.А., Тасқынова М.А., Абдиева Б.М. студенттерге дәрістер мен тәжірибелік сабақтар өткізіп, медициналық білім беру, клиникалық тәжірибе және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы заманауи тәсілдермен бөлісті. Мұндай білім беру сапарлары кәсіби байланыстарды нығайтуға, болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға және жоғары оқу орындары арасындағы академиялық серіктестікті дамытуға ықпал етеді.
