Войти
Басты бет Академия жаңалықтары ОҚМА студенті ЖИТС-пен күрес к...
28 қараша 2025
1
0
0

ОҚМА студенті ЖИТС-пен күрес күніне арналған Халықаралық байқауда II орын алды

2025 жылдың 25 қарашасында Ресейдің Омск қаласында орналасқан Омск мемлекеттік медицина университетінде 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған стендтік баяндамалар мен санитарлық бюллетеньдердің Халықаралық байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша ОҚМА-ның ВМ-МОБ-06-24 тобының студенті
Клименко Элина Юрьевна «Жастар арасындағы АИТВ- профилактикасы бағдарламалары» тақырыбындағы жұмысымен II орын иеленді. Жобаның ғылыми жетекшісі – Джакупова Жанна Ериковна, ОҚМА -ның микробиология, аллергология және иммунология кафедрасының аға оқытушысы. Жұмыс өзектілігі, ғылыми негізділігі және практикалық маңыздылығы үшін жоғары бағаланды. Әсіресе, жасөспірімдер мен жастар арасында АИТВ-инфекцияның алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Байқау комиссиясы жастардың АИТВ- жұқтыру жолдары мен алдын алу тәсілдері туралы ақпараттандырылуын арттыруға бағытталған білім беру бағдарламалары мен ақпараттық материалдарды әзірлеудің маңыздылығын атап өтті.

Пікірлер орны (0)