Войти
Басты бет Академия жаңалықтары ОҚМА студенті жүлделі болды!
16 қазан 2025
3
0
0

ОҚМА студенті жүлделі болды!

Дәл қазіргі уақытта бауырлас Өзбекстанда Қазақстанның медицина күндері өтіп жатыр. Ауқымды іс-шара аясында Toshkent davlat tibbiyot universiteti Өзбекстан мен Қазақстандағы медициналық оқу орындары арасында спорттық спартакиада ұйымдастырды.
Аталған додада Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Жалпы медицина 06-24 тобының студенті Уалихан Мейірлан 400 метрге жүгіру сайысында ІІІ орынды жеңіп алды. Айта кетейік, бұл жарысқа 16 команда қатысқан болатын.
Құттықтаймыз, Мейірлан! 
Бұл – тек жеке жеңіс емес, ОҚМА мақтанышы!

Пікірлер орны (0)