
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының (ОҚМА) студенттері "Бүкіләлемдік тазалық күні" аясында қала бойынша табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында ұйымдастырылған сенбілікке белсенді түрде қатысты.
Аталған іс-шараға Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 200-ге жуық студенті атсалысты. Жастар "Ынтымақ" шағынауданын күл-қоқыстан тазартып, тазалық сақтау мәдениетін насихаттады. Сонымен қатар, табиғатты қорғау мәселесіне жауапкершілікпен қарау қажеттігін іс жүзінде көрсетті.
Сенбілік барысында студенттерге қоғамдық ортаны таза ұстаудың маңыздылығы жайлы түсіндіру жұмыстары да жүргізілді.
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студент жастары алдағы уақытта да осы сынды қоғамдық-экологиялық шараларға белсене қатысуға ниетті екендіктерін жеткізді.