Войти
Басты бет Академия жаңалықтары ОҚМА Студенттері «Дәрі Кәмпит...
14 қараша 2025
7
0
0

ОҚМА Студенттері «Дәрі Кәмпит Емес» Атты Танымдық Іс-Шара Өткізді

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы тәрбие жұмысы жоспары аясында «Asar school» бастауыш білім беру мектебінде «Дәрі кәмпит емес» атты танымдық іс-шара өткізді. Іс-шараға фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедраларының тәлімгерлік топтары: ФҚО 01-25 (2 курс), ФҚҚ А 01-25 (2 курс), ФҚО 02-24 (3 курс), ФҚҚ Б 01-25 (2 курс), ФҚҚ 01-24 (3 курс) белсенді қатысты.
Басты мақсат – бастауыш сынып оқушыларына дәрілік заттарды дәрігердің немесе ата-анасының рұқсатынсыз қабылдауға болмайтынын түсіндіру және балалар арасында дәрілік қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру болды.
ДДCҰ деректеріне сүйенсек, жыл сайын 500 000-нан астам бала дәрілік препараттарды тағам немесе тәттілермен шатастырып ішіп қояды. Ал бұл жағдайлардың көбі ересектердің бақылауынсыз орын алады. Сонымен қатар, зерттеулер нәтижесінде 6 жастан асқан балалардың 90%-ы дәрілік заттарды ата-анасының рұқсатынсыз қабылдайтыны анықталған. Бұл балалардың дәріге еркін қолжетімділігінің жоғары екенін және дәрі-дәрмектердің қауіпсіз сақталуы мәселесінің өзекті екенін көрсетеді.
Іс-шара барысында оқушыларға дәрілердің қауіптілігі мен дұрыс қолданылуы жөнінде презентация көрсетіліп, барлық оқушыларға сыйлықтар табыс етілді. Өз кезегінде, «Asar school» мектебінің директоры Сейткулова Шахноза Умаровна академия ректоры мен кафедра ұжымына ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыстады.

Пікірлер орны (0)