
8.03.2026 жылы ОҚМА-ның қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ВМ-МКБ-05-25 тобы “7-сәуір — Дүниежүзілік денсаулық күніне” орай “Салауатты өмір салтын” насихаттау және қолдау мақсатында қаламыздағы Дендросаябақта спорттық жаттығулар ұйымдастырды. Іс-шара барысында студенттер таңғы жаттығулар жасап, әртүрлі қимыл-қозғалыс ойындарына қатысып, таза ауада серуендеді.
Бұл шараның басты мақсаты — жастар арасында денсаулықтың маңыздылығын арттыру, белсенді өмір салтын қалыптастыру және спортқа деген қызығушылықты ояту болды. Сонымен қатар, қатысушылар көтеріңкі көңіл-күйде болып, бір-бірімен тәжірибе алмасып, уақыттарын пайдалы әрі көңілді өткізді. Осындай шаралар студенттердің денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың ұйымшылдығы мен белсенділігін арттыруға үлкен әсерін тигізеді.