
Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясы фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы тәрбие жұмысы жоспары аясында ерекше балаларға арналған Шымкент қосалқы мектеп-интернатында қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырып, белсенді түрде ат салысты. Іс-шараға ФҚО 01-25 (2 курс), ФҚҚ А 01-25 (2 курс), ФҚО 02-24 (3 курс), ФҚҚ Б 01-25 (2 курс), ФҚҚ 01-24 (3 курс) топтары қатысты.
2025 жылдың 23 қазан күні спорттық іс-шара аясында кафедра оқытушылары қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Жиналған қаражатқа мектепке арналған спорттық құрал-жабдықтар мен керек-жарақтар сатып алынды. Бұл іс-шара студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсетуге және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етті.
Мектеп директоры Шорабек Нартай Шлязданұлының атынан кафедра ұжымына шынайы алғыс білдірілді. Акция студенттер мен оқушылар үшін маңызды тәжірибе болып, академия мен мектеп арасындағы байланысты нығайтты және студенттерді болашақта қайырымдылық бастамаларына белсенді қатысуға ынталандырды.
