
13 Наурыз 2026 жылы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ВМ-СҚБ-01-25 топ студенттері «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы» тақырыбы бойынша 10 күндік жоспарына сай Сайрам ауданы, Қасымбек Датқа ауылы, Абай көшесі №17А үй мекенжайында орналасқан «Түркістан облысының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына» қайырымдылық акциясын өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты – балаларға қолдау көрсету, мейірімділік пен жанашырлықты насихаттау және қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыру болды. Акция барысында студенттер балаларға қажетті оқу құралдарын, ойыншықтар мен тәттілерді тарту етіп, оларға қуаныш сыйлады.
Сонымен қатар, студенттер балалармен түрлі ойындар ұйымдастырып, қызықты бағдарламалар өткізді. Әңгімелесу, ән айту және шығармашылық тапсырмалар арқылы балалардың көңіл-күйін көтеріп, оларға ерекше әсер сыйлады.
Бұл қайырымдылық шарасы студенттердің адамгершілік қасиеттерін нығайтып, қоғамға деген жанашырлық сезімін арттыруға үлкен ықпал етті. Сонымен қатар, мұндай игі бастамалар жастарды мейірімділікке, қамқорлыққа және бір-біріне қолдау көрсетуге тәрбиелейді.