Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары ОҚМА студенттері «Таза Қазақст...
23 мамыр 2026
1
0
0

ОҚМА студенттері «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Қошқар ата өзенінің бойын тазалады

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының белсенді студенттері «Таза Қазақстан»  бағдарламасы аясында Шымкент қаласындағы Қошқар ата өзенінің бойында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Аталған іс-шараның мақсаты қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қала аумағындағы табиғи нысандардың тазалығын сақтау болды. Сенбілік барысында студенттер өзен жағалауындағы тұрмыстық қалдықтарды жинап, демалыс аймағының санитарлық жағдайын жақсартуға атсалысты.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткізілген бұл бастама жастардың экологиялық жауапкершілігін арттырып, қоғамда тазалық мәдениетін насихаттауға бағытталды.

Пікірлер орны (0)