
2025 жылдың 12 қарашасы күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедралсы мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің химия және фармацевтикалық инженерия кафедрасы бірлесе отырып, «Жасанды интеллект қолдана отырып, дәрілік препараттармен танысу» тақырыбында ФӨТ мамандары үшін бірлескен іс-шара өткізді.
Бұл – қазіргі таңда фармацевтикалық білім беру саласындағы ең өзекті тақырыптардың бірі. Іс-шара барысында студенттерге жасанды интеллект технологияларын дәрілік препараттарды талдау, жіктеу және тану процесінде қолданудың мүмкіндіктері таныстырылды.
Сонымен қатар, іс-шараға б.ғ.к., доцент м.а. Қорғанбаева З.С., аға оқытушылар Дустанова Ж.Т. және Сейдалиева С.К., сондай-ақ оқытушылар Сапарбекова С.Н. және Туреханова А.С. белсенді қатысты. Іс-шараға сондай-ақ кураторлық топтар: ФСР 01-25 (2 курс), ФСК А 01-25 (2 курс), ФСР 02-24 (3 курс), ФСК Б 01-25 (2 курс), ФСК 01-24 (3 курс) да қатысты.
Өткізілген іс-шара студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, инновациялық ойлауын дамытуға және заманауи технологияларды білім беру процесіне енгізуге маңызды үлес қосты.