Войти
Басты бет Академия жаңалықтары "ОҚМА"АҚ Фармация ғылыми-зертт...
29 қазан 2025
5
0
0

"ОҚМА"АҚ Фармация ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкерлерінің қатысуымен Халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар

«ОҚМА» АҚ Фармация ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкерлері дәрілік өсімдік шикізатын фармакогностикалық және тауарлық талдау, сондай-ақ инновациялық дәрілік нысандарды әзірлеу саласындағы өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсына отырып, бірқатар халықаралық және республикалық ғылыми іс-шараларға белсенді қатысты.
Алғашқы онлайн-баяндамалар 2025 жылғы 8-10 қазанда Санкт–Петербург мемлекеттік химия-фармацевтика университетінің (Санкт-Петербург қ., Ресей) өткен "ФИТОФАРМ-2025" XXVI Халықаралық съезінде шықты:
˗ Рахманова Г. С. «Түркістан ревень тамырының құрғақ сығындысын фитохимиялық талдау» баяндамасын ұсынды;
˗ Қуандық А. Т. «Қалыңгүлді көкжалбыз шөбінің (Nepeta densiflora) тауарлық көрсеткіштерін (ылғалдылығы мен күлділігі) анықтау» тақырыбында сөз сөйледі.

Бұдан әрі ФҒЗО ғылыми қызметкерлері 2025 жылғы 17 қазанда Ташкент фармацевтикалық институтында (Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы) өткен «Фармацевтика саласының қазіргі жағдайы: проблемалары мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда өздерінің ғылыми жұмыстарын ұсынды:
˗ Қуандық А. Т. «Қалыңгүлді көкжалбыз шөбінің (nepeta densiflora) тауарлық көрсеткіштерін (ұсақталуы мен қоспаларын) анықтау» атты баяндама жасады;
˗ Рахманова Г. С. «Стоматологиялық жинаққа кіретін дәрілік өсімдіктердің фармакогностикалық зерттеу» жұмысының баяндамасын ұсынды.

2025 жылғы 16 қазанда ФҒЗО қызметкерлері С. А. Мамырова мен А.Д. Рыбакова Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында өткен (Шымкент қ., Қазақстан Республикасы) «Start-Up жобалар» байқауы Жас ғалымдар мен студенттердің III халықаралық форумына қатысып, «жалаң мия, сәлбеннен және бұрышты жалбыздың шикізатынан алынған сублингвальды пластиналар» өнімдерімен таныстырып өтті.

Сондай-ақ, С.А. Мамырова мен А. Д. Рыбакова Сеченов университетінің (Мәскеу қ., Ресей) А. П. Нелюбина атындағы Фармация институтында өткен «Инновациялық дәрілік заттар: молекуладан пациентке дейін» атты II Халықаралық конференцияда сөз сөйледі:
˗ Мамырова С. А. «Rhaponticum altaicum перспективалы дәрілік түр ретінде» ауызша баяндамасын ұсынды;
˗ Рыбакова А.Д. ағылшын тілінде "Glyzzhyriza uralensis, salvia deserta, mentha asiatica-дан sublingual films Development of Sublingual films"атты постерлік баяндама жасады.

Сонымен қатар, фармация ғылыми-зерттеу орталығының базасында жасаған ғылыми жұмыстары бойынша «Фармация» білім беру бағдарламасының 5 курс студенттері "Phytochemical analysis of Herba Achillea biebersteinii"тақырыбында постерлік баяндама ұсынды.

2025 жылғы 24 қазанда А.Д. Рыбакова мен А. Т. Қуандық фармацевтикалық білім беру және зерттеу институты (Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы) ұйымдастырған «Қазіргі заманғы фармация: зерттеулер, практика және нәтижелер» атты I Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға онлайн-форматта қатысып, жұмыстарын баяндама түрінде көрсетті:
˗ Рыбакова А. Д. «Стоматологиялыққа жинаққа кіретін дәрілік өсімдіктердің тауарлық талдауы» тақырыбында баяндамасын ұсынды;
˗ Қуандық А. Т. «Түркістан облысында өсетін қалыңгүлді көкжалбыз шөбінің (nepeta densiflora) шөбінің экстрактивті заттарын анықтау» тақырыбында сөз сөйледі.

Баяндама жасаған ғылыми қызметкерлер ФҒЗО жетістіктерін жоғары деңгейде көрсете білді, кәсіби даярлықтың жоғары деңгейін және материалды меңгергендігін сарапшылар мен тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берген деңгейінен байқауға болады.
Ғылыми қызметкерлер мен студенттердің әртүрлі деңгейдегі конференцияларға белсенді қатысуы Фармация ғылыми-зерттеу орталығының жоғары ғылыми әлеуеті мен зерттеу бағытын растайды. Ұсынылған баяндамалар қазіргі заманғы фармацевтика ғылымының өзекті бағыттарын көрсетеді, тәжірибе алмасуға, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ғылыми аренадағы имиджін арттыруға ықпал етеді.
Атқарылған жұмыстың нәтижелері одан әрі зерттеулер мен инновациялық әзірлемелерді отандық фармацевтикалық практикаға енгізу үшін негіз болады.

Пікірлер орны (0)