05.12.2023 ж. ОҚМУ басшылығының шақыруымен жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы қызылша және тұмау мәселелеріне арналған семинар өткізді. ОҚМУ студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы арасында, осы семинарды өткізу ауа-тамшы жолымен берілетін жұқпалы аурулар (қызылша, тұмау) бойынша эпидемиологиялық жағдайдың маусымдық шиеленісуіне байланысты болды. Семинарға "Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» мамандығы бойынша ЖК-22-4к1, ЖК-22-4тк1,2, ЖК-22-9к,10к, ЖК-22-4р, ЖК-22-2К топтар қатысты.
Оқылған дәрістер:
1. «Корь –причины, пути заражения, симптомы, профилактика». Лектор: и.о.доцента кафедры, PhD Жузжасарова А.А.
2. «Қызылша – себебі, жұғу жолдары, симптомдары мен алдын алу шаралары». Лектор: резидент первого года обучения по специальности «Инфекционные болезни (взрослые, детские)» Турганбек А.Д.
3. Грипп, эпидемиология, признаки и симптомы, профилактика. Ассистенты кафедры: Әузханов С.П., Бектан Б. Е.
Семинар соңында кафедра қызметкерлері және студенттер ККП вакцинасы, маска кию, қоғамдық орында түшкіру және жөтелу, жұқпалы аурулардан кейінгі оңалту іс-шаралары туралы сұрақтар қойды, оларға лекторлар жауап берді және тәжірибеден мысалдар келтірді. Тыңдаушылар дәріскерлерге осындай мазмұнды баяндамалары үшін алғыс айтып, басқа жұқпалы аурулар бойынша келесі семинарлар өткізуге шақырды.