
Бүгін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Ұлттық диктант» жалпы республикалық жобасы аясында медицина мен фармация факультеттері және колледждің профессор оқытушылар құрамы және магистранттар өздерінің мемлекеттік тілдегі сауаттылығын сынады.
Диктант мәтіні Ахмет Байтұрсынұлының 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған «Оқу жайы» мақаласынан үзіндісін жазды. Академия оқытушылары мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға және ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған бастамаға белсене ат салысты. Ұлттық диктантты қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының доцент м.а. Г. К. Темирбекова оқыды.
Айта кетейік, «Ұлттық диктант» – мемлекеттік тілді дамытуға, азаматтардың жазу сауаттылығын жетілдіруге, ұлттық мәдени және тілдік бірегейлікті нығайтуға бағытталған мәдени-ағартушылық жоба. Оның басты мақсаты – мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру әрі оны қоғамда кеңінен насихаттау.
Бұл бастама – сауатты жазудың тек білім көрсеткіші ғана емес, сонымен бірге азаматтық жауапкершілік пен тілге деген құрметтің көрінісі екенін айғақтайды.