Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Отан қорғаушылар күні мен Жеңі...
6 мамыр 2026
1
0
0

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара академияда өтті

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік бағдарлама «Сабырдың аманаты» атты театрландырылған көрініспен бастау алып, көрермендерге ерекше рух сыйлады.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде енгізіліп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды. 
Жиында «ОҚМА» АҚ ректоры Сейтжанова Жанна Серікжанқызы құттықтау сөз сөйлеп, жиналған қауымды қос мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, әскери кафедраның аға оқытушысы, запастағы подполковник Мадияров Ринат Жаділұлы сөз алып, Отан қорғаудың қасиетті парыз екенін және ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолындағы ерлік ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті.
Мерекелік кештің көркін «Шымкент концерт» концерттік ұйымының өнерпаздары кіргізді. Олар патриоттық әндерді шырқап, күмбірлеген күй тартып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Іс-шара соңында әскери кафедра студенттері «Атамекен» әнін орындап, кешті қорытындылады.

Пікірлер орны (0)