Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Отбасылық медицина» кафедрасы...
16 қазан 2026
1
1
1

«Отбасылық медицина» кафедрасында академиялық адалдық пен әдепке арналған іс-шара өтті

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Отбасылық медицина» кафедрасының оқытушысы Нарзуллаева Динара Сабыржанқызының ұйымдастыруымен ІТҚ-08-26, ІТО-12-26 және РКҚ 01-25 топ білім алушыларына «Адалдық сағаты» іс-шарасын өткізді. Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, академиялық адалдық қағидаттарын түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және ішкі тәртіп талаптарын сақтау жауапкершілігін күшейту.
Іс-шара барысында кафедра профессоры Бекжигитов Спандияр Байжигитович сөз сөйлеп, академиялық адалдықты сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жауапкершілік пен кәсіби әдеп қағидаттарын ұстанудың маңыздылығына тоқталды. Профессор білім алушыларды оқу үдерісінде адалдық пен әділдікті басшылыққа алып, болашақ кәсіби қызметте жоғары адамгершілік құндылықтарды сақтауға шақырды.
Кездесу барысында Академиялық адалдық кодексінің негізгі талаптары таныстырылып, адалдық, әділдік, жауапкершілік, өзара құрмет пен сенімнің сапалы білім алудағы маңызы түсіндірілді. Плагиат, көшіру, жалған мәлімет ұсыну және бақылау жұмыстары кезінде рұқсат етілмеген құралдарды пайдалану академиялық адалдық талаптарын бұзатыны ескертілді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен білім беру сапасына тигізетін кері әсері айтылып, пара беру мен алуға, заңсыз сыйақы ұсынуға және қызметтік мүмкіндіктерді жеке мүддеге пайдалануға жол берілмейтіні түсіндірілді.
Білім алушыларға сабаққа жауапкершілікпен қатысу, тапсырмаларды уақтылы орындау, кәсіби-этикалық нормаларды, қауіпсіздік талаптарын және ішкі тәртіп ережелерін сақтау қажеттігі жеткізілді.
Іс-шара сұрақ-жауап және пікір алмасу түрінде өтіп, білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Қорытындысында адалдық пен жауапкершіліктің оқу үдерісінде және болашақ кәсіби қызметте маңызды құндылықтар екені атап өтілді.

Пікірлер орны (1)
Қауызбай Жұмалы Әріпбайұлы
👍👍👍💥💥💥👏