
2025 жылдың 25 қыркүйек күні ОҚМА «Қазақстан тарихы және әлеуметтік- қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Мырзазия Ақбаян Әлішқызының ұйымдастырумен «Отбасы күні» мерекесі аясында: «Отбасылық өмірге дайындау, қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау» бойынша тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айында атап өтілетін "Отбасы күні" мейрамына орай ВМ-СҚАБ 01-02-2024 тобымен іс-шара,түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аға оқытушы әрі психолог маман Ақбаян Әлішқызы «Парасат» үйірме мүшелерімен ұйымдастырылған жоспар арқылы отбасылық өмірге дайындау, Қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау мақсатында іс-шараны жүргізген болатын.
Мерекені атап өту арқылы отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, және отбасы мүшелерін бір-бірін құрметтеуге үйрету сияқты мәселелер қамтылған.
Қазіргі қоғамда ажырасудың артуы, отбасындағы зорлық-зомбылық, балалардың қараусыз қалуы сияқты жағымсыз құбылыстардың алдын алу қажеттігіне ерекше көңіл бөлінген. Бүгінгі іс-шара осы мәселелерді психолог маманмен әрі студенттердің жеке ойын біліп, топпен талқылау үшін ұйымдастырылған болатын. Мереке соны топқа қойылған блиц-сұрақтармен салтанатты түрде жабылды.