
“Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер” кафедрасының доцент м.а. О.А.Туребаев “Медицина” мамандығының білім алушыларымен “Ой түбінде жатқан інжу” атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың ой-өрісін кеңейту, ұлттық рухани құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ тарихи-мәдени мұраларды зерделеуге баулу болды. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар терең мағыналы ойлар мен ұлттық танымға қатысты мәселелерді талқылап, өз пікірлерімен бөлісті.
Кездесу барысында студенттерге қазақ халқының рухани мұрасы, даналық сөздері мен тарихи тұлғалардың тағылымды ойлары жөнінде мазмұнды ақпарат берілді. Сонымен қатар, жастардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және оларды заманауи көзқараспен ұштастыру мәселелері кеңінен қозғалды.
Шара интерактивті форматта өтіп, білім алушылар белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізді. Дөңгелек үстел соңында қатысушылар тақырып аясында қорытынды пікір алмасып, өздерінің таным көкжиегін кеңейткенін атап өтті. Мұндай іс-шаралар студенттердің рухани-мәдени дамуына ықпал етіп, олардың кәсіби және тұлғалық қалыптасуына оң әсерін тигізеді.