
28.11. 2025 жылы Гигиена және эпидемиология кафедрасында ВМ-МҚқА,Б -01-24, ВМ- МПІ А,Б 01-25 және ВМ- МПІО-01-25, ВМ- МШАБ-05-23 топтарының білім алушыларымен бірге 1-желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған ақпараттық-тәрбиелік шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
- ЖИТС/АИТВ індетінің алдын алу жөнінде білімалушылардың білімін арттыру;
- Денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру;
- Қауіпті мінез-құлықтан аулақ болудың маңызын түсіндіру;
- Стигма мен кемсітушіліктің алдын алу;
- АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету туралы көзқарас қалыптастыру.

Шара барысында білімалушылар қала тұрғындарынан АИТВ инфекциясы, жұғу жолдары мен алдын алу шаралары туралы сауалнама жүргізгені туралы бейнероликті ұсынды.
ВМ-МҚқА -01-24 пен ВМ- МША-05-23 тобының білім алушылары Х. Рахманқұлов пен Yahya Nazir АИТВ инфекциясы, жұғу жолдары мен алдын алу шаралары, ерте тексерілудің маңызы туралы дайындаған презентацияларымен көпшілікті таныстырды.

Шымкент қалалық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Т. А. Есенбеков білім алушыларға АИТВ мен ЖИТС-тің айырмашылығы;
жұғу жолдары және алдын алу шаралары; антиретровирустық терапияның маңызы; жастар арасында жиі кездесетін қателіктер мен мифтер;
әлемдегі және Қазақстандағы АИТВ жағдайы ақпарат берді.
Қатысушылар сұрақтар қойып, толық жауап алды.

Іс-шараға қатысқан жастар ЖИТС/АИТВ туралы қосымша мәлімет алып, алдын алу шараларымен танысты. Нәтижесінде қатысушылардың сауаттылығы артып, қауіпті мінез-құлық салдарлары туралы түсінігі кеңейді.
Шара соңында ерікті білім алушылар АИТВ–ға антиденелерді анықтау үшін экспресс-тесттер арқылы тексерілді.
