Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Пәнаралық неврология» атты ха...
6 қараша 2025
10
0
0

«Пәнаралық неврология» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Бүгін Шымкент қаласындағы Rixos Khadisha Shymkent қонақ үйінде «Пәнаралық неврология» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады. Іс-шара Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының бастамасымен, сондай-ақ Түркістан облыстық және Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармаларының қолдауымен ұйымдастырылды.
Конференцияның ашылу салтанатында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры Жанна Сейтжанова, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы университеттік клиникасы жобасының жетекшісі, әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы, іскерлік басқару магистрі Елжан Біртанов, Халықаралық эпилепсияға қарсы лиганың президенті, Мәскеу қалалық денсаулық сақтау департаментінің З. П. Соловьев атындағы ғылыми-тәжірибелік психоневрология орталығының директоры, м.ғ.д., Н. И. Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медицина университетінің неврология, нейрохирургия және медициналық генетика кафедрасының профессоры, Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген дәрігері Гехт Алла Борисовна, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс неврологы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың жүйке аурулары кафедрасының меңгерушісі Сәуле Тұрыспекова құттықтау сөз сөйледі. 

Конференция аясында Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, Германия және Өзбекстаннан келген жетекші мамандар, неврологтар, нейрогенетиктер, реабилитологтар және нейрофизиологтар жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарға медициналық көмек көрсетудің заманауи тәсілдерін талқылап, өзара тәжірибе алмасатын болады.

Пікірлер орны (0)