
“Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер” кафедрасының доцент м.а. О.А.Туребаев 2 курс Медицина БББ білім алушыларымен “Парасат жолы – кемелдікке бастар” атты дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың бойында адамгершілік, парасаттылық, адалдық және рухани құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке тәрбиелеу болды. Дөңгелек үстел барысында қоғамдағы парасаттылық ұғымының мәні мен маңызы кеңінен талқыланды. О.А. Туребаев өз баяндамасында парасаттылық – тек жеке қасиет емес, ол қоғамның тұрақты дамуы мен ел болашағы үшін маңызды құндылық екенін атап өтті. Сонымен қатар, студенттерге күнделікті өмірде әділдік пен адалдық қағидаларын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді. Кездесу барысында білім алушылар өз ойларын ортаға салып, тақырып бойынша пікір алмасты. Студенттер парасаттылық, этика және кәсіби жауапкершілік мәселелеріне қатысты сұрақтар қойып, белсенділік танытты. Шара соңында қатысушыларға қорытынды ойлар айтылып, жастарды ізгілік пен жауапкершілікке үндейтін мұндай кездесулердің тәрбиелік мәні зор екені атап өтілді.