Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Парктер шеруі - 2026» республ...
30 наурыз 2026
1
0
0

«Парктер шеруі - 2026» республикалық акциясы

2026 жылы 26 наурыз күні Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының аға оқытушысы А.С. Жакипова, ФО-02-25 тобының және ВМ-МША-02-24, ВМ-МШБ-05-24 шетел тобының білім алушыларымен бірге «Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекесі ұйымдастырумен «Парктер шеруі -2026» республикалық акциясының ашылу орай өткен салтанатты іс-шараға қатысып қайтты. Табиғатқа деген жанаршылық пен қамқорлықтың негізі болар бұл іс-шарада Қазақстандағы табиғи ұлттық қорықтар жайында және табиғи қорықтардағы барлық тіршілік иелеріне қамқорлық жасау, табиғат ұсынған бар байлықтарды ұрпақтан-ұрпаққа аманат ете отырып, оны көзіміздің қарашығындай сақтау керек екенін жастарға түсіндіретін, насихаттайтын керемет іс-шара болды. Іс-шараға көптеген оқу орнының білім алушылары қатысып, мереке концерттік бағдарламаға ұласты. Академияның өнерлі жастары Назаренко Полина «Жер Ана» әнін орындаса, шетелдік биші қыздар мың бұрала би билеп, өз үлестерін қосып, белсенділік танытты. Сонымен бірге табиғат жайында викториналық сұрақтар арқылы ойын ойнатылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. 

Пікірлер орны (0)