
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы Патология және сот медицинасы кафедрасының оқытушысы Б.Қ. Досыбаев ВМ-МҚқБ-02-25 тобының студенттерімен бірге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және заң үстемдігі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақ барысында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі талаптары, қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидасын орнықтыру, студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ адалдық пен академиалық тазалық принциптері талқыланды. Қатысушылар заңдылықты сақтау мен құқықтық сауаттылықты арттыру төңірегінде өз ойларын ортаға салып, белсенді пікір алмасты.