
2026 жылдың 12 наурыз – 26 наурыз аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ «Педиатрия-1» кафедрасының меңгерушісі, PhD., қауымдастырылған профессор Кемельбеков Канатжан Сауханбекұлы Башқұртстан Республикасындағы (Ресей Федерациясы) Башқұрт мемлекеттік медицина университетінің Педиатрия факультетінің «Педиатрия» кафедрасында «Балалар аурулары» пәні бойынша дәрістік және тәжірибелік сабақтарды жүргізді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасының негізгі мақсаты: мемлекет аралық академиялық өзара ынтымақтастықты нығайту, дәрігерлік кәсіби тәжірибелерді өзара бөлісу, педиатр мамандарын дайындаудағы білім беру сапасын арттыру болып табылады.
Оқытудың заманауи белсенді технологиялары мен тәсілдерін қолдану тәжірибелерімен бөлісе отырып, аталаған медициналық жоғары оқу орнының білім алушылары мен профессор оқытушы құрамының қызығушылықтарын арттырды. Сонымен қатар, медициналық ЖОО арасында өзара «Педиатрия» білім беру бағдарламасы бойынша бірлескен білім беру бағдарламасын жүзеге асыру, визитинг профессор, профессор оқытушы құрамының және студенттердің өзара академиялық ұтқырлық бағдарламаларын күшейту бойынша алғышарттар жасалды.