Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Педиатрия-2» кафедрасының про...
19 ақпан 2026
1
0
0

«Педиатрия-2» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының емдік жұмысы

2026 жыл 18 ақпан күні «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ «Педиатрия-2» кафедрасы және Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық балалар ауруханасы» МКК Педиатрия №2 бөлімшесінде бірлескен клиникалық аралау өткізілді.
Клиникалық аралауға «Педиатрия-2» кафедрасының меңгерушісі Бектенова Гүлмира Ерсейітқызы, доценті Хатамов Фуркат Джамалович , профессор-оқытушылар құрамы, ВМ-ПҚА-01-22 «Педиатрия» 4-курс білім алушылары, сондай-ақ Педиатрия №2 бөлімшесінің меңгерушісі кардиоревматолог Уразниязова Шолпан Бауыржанқызы және дәрігерлері қатысты.
Клиникалық аралау барысында науқастардың жағдайы қаралып, талдау жан-жақты жүргізілді. Емдеу үдерісі талқыланып, тиісті ұсыныстар берілді. Клиникалық аралау оқу-тәжірибелік және клиникалық тұрғыдан маңызды болды.

Пікірлер орны (0)