
Ағымдағы жылдың 13-14 наурызында Башқұрт мемлекеттік медицина университетінің базасында медицина жоғары оқу орындары білім алушылары арасында Педиатрия бойынша халықаралық қатысумен бүкілресейлік олимпиада өтті. Ауқымды зияткерлік іс-шара Ресей Федерациясы, Қазақстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Белоруссия және басқа да елдердің жетекші медициналық жоғары оқу орындарынан 150-ден астам студентті біріктірді.

Біздің оқу орнымызды «Педиатрия» білім беру бағдарламасы бойынша 5-курс білім алушыларынан құралған команда лайықты түрде таныстырды. Олардың қатарында: Умаров Диербек, Сабурова Саидохон, Байдуллаева Диана, Амонова Ирода және Спандияр Мадияр болды. Ғылыми жетекшісі: MD., PhD., қауымдастырылған профессор, жоғары санатты дәрігер-педиатр Кемелбеков Қанатжан Сауханбекұлы. Олимпиада «Педиатрия» бағыты бойынша 4-6 курс студенттер арасында өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша оқу орнымыздың «Педиатрия» білім беру бағдарламасы бойынша 5-курс білім алушыларынан құралған команда ІІI орынды иеленіп, жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдығын және кәсіби жетілуге деген ұмтылысын көрсетті. Жеңімпаздарды құттықтай отырып, оларға алдағы уақытта да жаңа жетістіктер, ғылыми табыстар және жарқын кәсіби жеңістер тілейміз!