«Педиатриялық көктем» Халықаралық оимпиадасы 2025 2025 жылдың 29 мамырында Ташкент Педиатриялық Медицина Институтының базасында медициналық жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Педиатриялық көктем» атты Халықаралық олимпиада өтті. Бұл олимпиадаға 10-нан астам жетекші медициналық оқу орындарынан 50-ден астам студенттер қатысты. Іс-шара оффлайн форматта ұйымдастырылып, қатысушыларға теориялық білімдерін ғана емес, сонымен қатар практикалық дағдыларын көрсетуге мүмкіндік берді. Осы беделді байқауда «В-ПО-03-21» тобының 4-курс студенттерінен құралған командасымен қатысты.
Команда құрамында:
• Русатамжнов Сардорбек — команда капитаны,
• Урманов Диербек,
• Байдуллаева Диана,
• Керимжан Адалаида,
• Сагатюк Яна.
Команда Педиатрия-2 кафедрасының атынан қатысып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Жалпы командалық есеп бойынша 10 түрлі медициналық оқу орындары командалары арасында біздің команда құрметті I орынды иеленді. Сонымен қатар, команда капитаны Русатамжнов Сардорбек Олимпиаданың ең үздік спикері ретінде арнайы аталым бойынша атақты дипломмен марапатталды.