Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Пирамидаға жол жоқ! Қаржылық...
6 мамыр 2026
1
0
0

«Пирамидаға жол жоқ! Қаржылық қауіпсіздік» атты дөңгелек үстел

06.05.26ж. күні «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Л.Т.Махатова 1 курс «Медицина» БББ шетел студенттерімен жастар арасындағы қаржылық алаяқтық, қаржы пирамидаларынан сақтандыру мақсатында «Пирамидаға жол жоқ! Қаржылық қауіпсіздік» атты дөңгелек үстел өткізді.
Мақсаты: жастар арасында қаржылық сауаттылықты арттыру, қаржылық алаяқтық пен қаржы пирамидаларының белгілерін таныту, шетелдік студенттерді сақтыққа үйрету және жеке қаржыны қауіпсіз басқару дағдыларын қалыптастыру арқылы олардың құқықтық және қаржылық мәдениетін дамыту.
Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында қаржылық қауіпсіздік мәселесі қазіргі қоғамдағы өзекті тақырыптардың бірі екені атап өтілді. Аға оқытушы Л.Т.Махатова қатысушыларға қаржы пирамидаларының негізгі белгілерін түсіндіріп, олардың көп жағдайда «жоғары табыс», «тәуекелсіз пайда», «тез баю мүмкіндігі» сияқты жалған уәделер арқылы азаматтарды тартатынын ерекше атап өтті.
Студенттерге мұндай алаяқтық схемалардың қалай жұмыс істейтіні, бастапқы кезеңде аз ғана адамдарға пайда беріп, кейін жаңа қатысушылардың ақшасы есебінен төлем жасалатыны, ал жүйе тоқтаған кезде көпшілік салымшылар қаражатынан толық айырылатыны туралы нақты түсіндірілді.
Шара барысында интернет-алаяқтық түрлеріне де тоқталып, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таралатын күмәнді сілтемелер, жалған инвестициялық платформалар, онлайн-сауда алаяқтықтары жөнінде мысалдар келтірілді. Сонымен бірге, жеке деректерді қорғау, банк карталары мен құпия кодтарды ешкімге бермеу, күмәнді ұсыныстарды тексерусіз қабылдамау қажеттілігі айтылды.
Қатысушыларға нақты өмірлік жағдайлар бойынша жағдаяттық тапсырмалар ұсынылып, олар ықтимал қауіптерді анықтап, дұрыс шешім қабылдау жолдарын талқылады. Бұл студенттердің тақырыпты тереңірек түсінуіне және тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруына ықпал етті.
Іс-шара соңында ұйымдастырушы тарап қаржылық сауаттылықты арттыру – әрбір азаматтың қауіпсіздігі мен тұрақты болашағының кепілі екенін атап өтіп, студенттерді үнемі ақпараттық тұрғыдан сақ болуға шақырды. Дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар үшін пайдалы әрі танымдық мәні зор шара болды.

Пікірлер орны (0)