Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Практикаға бағытталған оқыту:...
21 қазан 2026
1
0
0

Практикаға бағытталған оқыту: ОҚМА-ның болашақ медиктері балабақшада болды

ОҚМА Гигиена және эпидемиология кафедрасының аға оқытушысы І. С. Жақсыбекова «Гигиена және эпидемиология» циклі аясында ВМ-МҚқА-03-25 тобының студенттерімен бірге № 74 «Айдана» балабақшасына барды. Студенттер мекеменің санитариялық-гигиеналық жағдайларымен танысып, мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілеріне фастфудтың зияны мен дұрыс тамақтанудың маңыздылығы туралы танымдық сабақ өткізді. Іс-шара студенттердің практикалық білімдерін бекітуге және балалардың салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.

Пікірлер орны (0)