Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Президент Жолдауы талқыланды
31 қазан 2025
2
0
0

Президент Жолдауы талқыланды


Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған іс-шара өтті. Іс-шараға Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Жұман Жансерік Бауыржанұлы, «ОҚМА» АҚ Жастар саясаты бөлімінің басшысы Тасжанов Берік Рахманәліұлы, академияның белсенді студенттері қатысты. Кездесу барысында қатысушылар Президент Жолдауында көтерілген негізгі бағыттарға ерекше назар аударды. Атап айтқанда, жасанды интеллектті дамыту, цифрлық трансформация үдерісін жеделдету, білім мен ғылымды жаңа талаптарға бейімдеу, сондай-ақ жастардың қоғамдағы белсенді рөлін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Жұман Жансерік Бауыржанұлы өз сөзінде еліміздің болашағы білімді де белсенді жастардың қолында екенін атап өтіп, ОҚМА студенттерін қоғамдық бастамалар мен әлеуметтік жобаларға белсене араласуға шақырды.  Кездесу барысында академияның студенттік ректоры Асқар Мерей Еламанқызы да сөз алып, ОҚМА жастарының қала мектептері мен түрлі мекемелерде алғашқы көмек көрсету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүргенін айтты. Сонымен қатар, ол осындай игі бастамаларды тек академия аясында ғана емес, қала және республика көлемінде өткізуге ұсыныс білдіріп, академия студенттерінің мұндай маңызды шараларға белсене қатысуға әрқашан дайын екенін жеткізді.
Іс-шара жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырып, елдің инновациялық дамуына үлес қосуға талпынысын арттырған маңызды кездесу болды.

Пікірлер орны (0)