
2026 жылғы 19–23 қазан аралығында Сагиндыкова Баян Ахметовна фармация ғылымдарының докторы, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының дәрілер технологиясы және фармация ісін ұйымдастыру кафедрасының профессоры Азия Ғылым Академиясының Бас Ассамблеясына және «Белдеу және жол: ортақ ғылыми-технологиялық болашақты қалыптастыру» атты Бірінші жоғары деңгейдегі Азия ғылыми форумына қатысты.
Халықаралық ғылыми форум Қытай Халық Республикасының Хайнань провинциясы Санья қаласында өтті, әлемнің әртүрлі елдерінен келген академиялық қауымдастық өкілдерін, жетекші ғалымдар мен сарапшыларды біріктірді.
Форум аясында заманауи ғылым мен технологияларды дамытудың өзекті бағыттары, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту перспективалары, академиялық өзара іс-қимыл және бірлескен ғылыми-зерттеу бастамаларын жүзеге асыру мәселелері қарастырылды. «Белдеу және жол» бастамасы шеңберінде ғылыми байланыстарды нығайтуға және ортақ ғылыми-технологиялық кеңістікті қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Форум жұмысына 2015 жылғы физика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Takaaki Kajita және 2007 жылы Нобель сыйлығының лауреаты Rae Kwon Chung, белгілі ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Сонымен қатар форумға Қытай, Корея Республикасы, Жапония, Пәкістан, Әзербайжан, Қазақстан, Грузия, Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Тәжікстан және басқа да мемлекеттердің ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.
Сагиндыкова Б. А. ғылым және білім саласындағы жоғары жетістіктері нәтижесінде 2024 жылы Азия Ғылым Академиясының академигі болып сайланды (Гонконг). Азия Ғылым Академиясының құрамына 52 мемлекеттің ғылыми қауымдастық өкілдері кіреді.

Профессор Б. А. Сагиндыкованың Азия Ғылым Академиясының Бас Ассамблеясына және Бірінші жоғары деңгейдегі Азия ғылыми форумына қатысуы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясын халықаралық деңгейде тануға мүмкіндік береді және шетелдік ғылым және білім беру орталықтарымен ынтымақтастықты кеңейтуге, бірлескен зерттеулер жүргізуге мүмкіндіктер ашады.