
15 сәуір – Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күніне орай Жастар ресурстық орталығында қалалық жұптар байқауы өтті. Іс-шараны Орталық Азия инновациялық университеті ұйымдастырып, оған қаладағы оқу орындарының белсенді, өнерлі студенттері қатысты. Аталған байқауда Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері де өз өнерлерін паш етіп, оқу орнының намысын абыроймен қорғады. Академия атынан шыққан Мараби Мейрам мен Мөлдір Оразбек жұбы ерекше шеберліктерімен сахнада жарқырай көрініп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Нәтижесінде, өнерлі жұп жүлделі ІІІ орынды иеленіп, академия қоржынын кезекті жеңіспен толтырды.
