Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Қалқанша безіне байланысты кар...
3 желтоқсан 2025
1
1
0

Қалқанша безіне байланысты кардиомиопатияларға арналған ғылыми отырыс Жалпы тәжірибелік дәрігер – 2 кафедрасында өтті

28.11.2025 күні «Жалпы тәжірибелік дәрігер-2» кафедрасы, ІЖТДҚ 17-25 тобы және ғылыми жетекшісі м.ғ.к. Сартаева Қаламқас Алмешовнамен бірге 2025–2026 оқу жылының Интерндердің ғылыми-зерттеу жұмысы жоспарына сәйкес жоспарлы ғылыми-ізденіс іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның негізгі тақырыбы — қалқанша без ауруларында кездесетін жүрек-қантамыр патологиялары, соның ішінде тиреоидты кардиомиопатиялардың клиникасы, патогенезі, диагностикасы және емдеу ерекшеліктері талқыланды. Бұл тақырыптың өзектілігі Оңтүстік өңірде эндокринологиялық аурулардың, әсіресе қалқанша без патологияларының жиілеуімен, сондай-ақ олардың салдарынан жүрек-қантамыр жүйесінің ауруларының айқын артуымен тікелей байланысты. Үйірме барысында студенттер тиреотоксикалық және гипотиреоздық кардиомиопатиялардың даму механизмдерін, ЭКГ және ЭхоКГ-дағы көріністерін, клиникалық ерекшеліктерін және заманауи емдеу әдістерін жан-жақты талқылады. Сонымен қатар қатысушылар теориялық материалдармен қатар практикалық талдау дағдыларын жетілдіріп, презентациялық материалмен жұмыс жүргізді. Іс-шара интерндердің ғылыми ойлау қабілетін, клиникалық жағдайларды талдау дағдыларын, сондай-ақ эндокринология мен кардиология салаларындағы интегративті білімін арттыруға бағытталды.

Пікірлер орны (0)