
Бүгін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының қазақ тілі пәні бойынша аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі А. С. Жакипованың ұйымдастыруымен Қарттар күніне орай Шымкент қаласындағы «Денсаулық» шипажайында демалып жатқан ардагерлерге арналған мерекелік концерт өтті.
Мерекелік іс-шара барысында алғашқылардың бірі болып Жастар саясаты бөлімінің бас маманы Бейбарыс Тұңғышбаев құттықтау сөз сөйлеп, ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасыларына амандық тіледі.
Концерттік бағдарлама барысында білім алушылар өнерлерін ортаға салып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Студенттер «Еркесылқым» биін билеп, ұлттық өнерімізді дәріптеді. Аяна Әбіләкім қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін жатқа оқып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Сонымен қатар, Үндістаннан келген студенттер өздерінің ұлттық билерін ұсынып, мәдениеттер арасындағы достық пен өзара құрметтің жарқын үлгісін көрсетті. Әлиасқар Шериев күй тартып, қазақтың дәстүрлі күй өнерін насихаттады.