Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Қарттарға құрмет – ұрпаққа мін...
17 наурыз 2026
1
0
0

Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет!


Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің қарсаңында, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының тәлімгерлерік топтары 3 курс білім алушылары қарттар үйіне арнайы барып, қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қарттарға құрмет көрсетіп, оларға жылы көңіл күй сыйлау және жастардың үлкен буын өкілдеріне деген қамқорлығын арттыру болды. Кездесу барысында студенттер қарттармен еркін әңгімелесіп, олардың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестерін тыңдады.

Шара аясында студенттер арнайы дайындалған концерттік бағдарламасын ұсынды. Ән айтылып, өлеңдер оқылып, шағын көріністер көрсетілді. Қарттар бұл бағдарламаны зор ықыласпен қабылдап, студенттердің өнеріне ризашылықтарын білдірді. Мұндай кездесулер қарияларға ерекше қуаныш сыйлап, олардың көңілін көтеруге ықпал етті.
Концерттік бағдарламадан кейін білім алушылар қарттарға өздері алып келген сыйлықтарын табыстады. Сонымен қатар студенттер тәтті тағамдар апарып, дастархан жайып, қарияларға мерекелік көңіл күй сыйлады. Қамқорлық пен ықыласты сезінген қарттар жастарға алғыстарын айтып, ақ баталарын берді.


Осындай игі бастамалар жастардың бойында адамгершілік, мейірімділік және үлкенге деген құрмет сезімдерін қалыптастыруға ықпал етеді. Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының студенттері алдағы уақытта да қоғамға пайдалы әлеуметтік және қайырымдылық іс-шараларына белсенді қатысуды жалғастыруды жоспарлап отыр.

Пікірлер орны (0)