
Үлкенін сыйлаған ел шынында да құрметке лайық. Өйткені, өмірлік тәжірибенің, рухани байлықтың, мейірімнің иесі ретінде танылған қарт адамдар. Олар бір сөзбен немесе көзқараспен рухты көтеріп, басқаларға шабыт пен қуаныш сыйлайды. 2026 жылдың 2 сәуірінде Дене тәрбиесі орталығының аға жаттықтырушы, оқытушысы Жүзжігітов Әлімжан Амангелдіұлы ВМ-МОАБ-11-25 кураторлық тобымен «Күміс ғасыр» деп аталатын күтім бойынша пансионатта болды.
Шараның мақсаты – жастардың бойына халқымызға тән асыл қасиеттерді сіңіру, үлкенді сыйлау, ата-анаға қамқорлық жасау, салт-дәстүрге, тіл алғыштыққа, жақсы мен жаманды айыра білуге, халық даналығы мен мақал-мәтелдерінен тәлім-тәрбие алу.
Аға буын мен қазіргі ізбасарлар бас қосуында топ мүшелері арнайы музыкалық аспаптарда ойнау өнерлерін көрсетіп, тәттілер мен кәдесыйлар тарту етті, сонымен қатар қарттармен би билеп, көңілдерін көтерді.
Мұндай кездесулер адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда, ұрпақтар арасындағы рухани байланысты нығайтуда, жастардың сабақтастық пен тарихи тамырларға құрметтің маңыздылығын тереңірек түсінуіне ықпал етуде маңызды рөл атқарады.
