27.02.2025ж күні АҚ ОҚМА дәрілер технологиясы және фармакогнозия кафедрасының ұйымдастыруымен, «6В10106 Фармация» білім беру бағдарламасының 3курс тәлімгерлік топ студенттері және Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі бас маманы - Байымбетова Б.С. қатысуымен Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының “№10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы” КММ қарасты қалалық қарттар және мүгедектер үйіне АЛҒЫС АЙТУ күні қарсаңында мерекелік іс-шарамен болып қайтты.
Қарттарға көтеріңкі көңіл күй, ерекше қуаныш сыйлаған студенттерді батасын беріп, қимай қоштасқан ақсақалды аталарымыз бен ақ жаулықты аналарымыз ұйымдастырушы топ жетекшілеріне АЛҒЫС ХАТ жолдап, алғыстарын еселеді.