2025 жылғы 12 желтоқсанда «ОҚМА» АҚ жанындағы 8D10140 «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша Диссертациялық кеңестің отырысында алғаш рет осы бағыт бойынша докторлық диссертация қорғауы өтті. Қаржаубаева Айшабибі Дүйсенбекқызы диссертациялық жұмысын сәтті қорғап, ОҚМА-дағы «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша алғашқы докторант әрі PhD дәрежесінің алғашқы иегері атанды.
2026 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының №116 бұйрығымен Қаржаубаева Айшабибі Дүйсенбекқызына 8D10140 «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Диссертациялық жұмыс отандық ғылыми кеңесші – фармацевтика ғылымдарының кандидаты, профессор Кульпан Кенжебаевна Орынбасарова және шетелдік ғылыми кеңесші – фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Дмитрий Алексеевич Коноваловтың жетекшілігімен орындалды.

Ғылыми кеңесшілердің докторантты дайындаудағы және диссертациялық зерттеуді сәтті орындаудағы үлесі ерекше атап өтуге тұрарлық. Олардың кәсіби біліктілігі, ғылыми тәжірибесі және тұрақты қолдауының арқасында жоғары ғылыми нәтижелерге қол жеткізілді, бұл ОҚМА тарихында «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша алғашқы докторлық диссертацияның сәтті қорғалуына ықпал етті.
Айшабиби Дүйсенбекқызын және оның ғылыми кеңесшілерін осы маңызды жетістікпен құттықтаймыз және ғылыми әрі кәсіби қызметтерінде одан әрі табыс, жаңа жетістіктер мен ғылыми жаңалықтар тілейміз!