«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы А.А.Беккулова 2 курс «Медицина» БББ студенттерімен жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру және оларды қаржы пирамидалары мен өзге де алаяқтық әрекеттерден сақтандыру мақсатында «Қаржылық алаяқтықтан сақтану» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Мақсаты: жастарды қаржылық сауаттылыққа баулу, қаржы пирамидалары мен басқа да алаяқтық түрлерінен сақтандыру, жеке қаржы басқарудың негізгі қағидаларын үйрету.
Дөңгелек үстелге құқық қорғау органдарының мамандары, қаржыгерлер, сондай-ақ студенттер мен оқытушылар қатысты. Шара барысында сарапшылар қаржылық алаяқтықтың жиі кездесетін түрлерін (интернет-алаяқтық, жалған инвестициялар, телефон арқылы алдау, әлеуметтік желілердегі фейк хабарламалар) талдап, нақты мысалдар арқылы олардың салдарын түсіндірді.
Қатысушылар алаяқтықтан қорғану бойынша өз сұрақтарын қойып, мамандардан практикалық кеңестер алды. Сонымен қатар, жеке мәліметтердің қауіпсіздігін сақтау және күмәнді қаржылық ұсыныстардан бас тарту жолдары кеңінен айтылды.
Іс-шара соңында қатысушыларға арнайы ақпараттық парақшалар таратылып, қаржы қауіпсіздігіне қатысты пайдалы материалдар ұсынылды.