Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Қаржылық қауіпсіздік»
13 қазан 2025
7
0
0

«Қаржылық қауіпсіздік»

Қазақстан Республикасы қаржылық мониторинг агеттігі 10-20 қазан аралығында «Қаржылық қауіпсіздігі» бойынша Қазақстан азаматтары арасында диктант жазу шарасын өткізді. Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру, терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдар мақсатында ақша операциясын өткізуге қатысатын ұйымдар, ҚР ҚМА қаржы мониторингіне жататын ақшамен немесе өзге мүлікпен күдікті операциялар туралы уақытылы ақпараттандырып отыруға міндетті. Қаржы мониторингі субьектілерінен ақпаратты алу процесін автоматтандыру үшін Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің бірыңғай ақпараттық талдамалы жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Осы жайында Қазақстан халқын ақпараттандыру үшін қаржы диктантын жазу шарасы өткізілді. Осы іс-шараға Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы , қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасы оқытушылары да өз тәлімгерлік топтарымен бір кісідей атсалысты. Кафедра аға оқытушысы А.С.Жакипова тәлімгерлік ФО-02-25 топ студенттерімен түгел қатысып, сертификат және дипломдар иеленді. Іс- шарада әрбір азаматтың қаржылық сауатылығын арттыруға көлемді көмегін тигізу мақсаты көзделген.

Пікірлер орны (0)