
2026 жылдың 25-29 мамыры аралығында «Фармация» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері дәрілер технологиясы және фармакогнозия кафедрасы бойынша Қасқасу базасында ботаника оқу-далалық практиканы өтуде. Фармация студенттері осы ауданда өсетін дәрілік өсімдіктердің негізгі түрлерімен танысты. Олар дәрілік өсімдіктерді жинау, кептіру, гербаризациялау, тіршілік формаларын анықтау және морфологиялық сипаттау дағдыларын меңгерді.
