2025 жылғы 4 желтоқсанда «Отбасылық медицина» кафедрасының ассистенті Нарзуллаева Динара Сабыржановнаның жетекшілігімен ІЖТДҚ 16-24 тобының дәрігер-интерндері «Қайсар рух – медицина жолындағы жарық» тақырыбында танымдық әрі тәрбиелік маңызы зор дәріс ұйымдастырылды.
Қазіргі ақпараттық қоғамда жасөспірімдер түрлі психологиялық және әлеуметтік қауіп-қатерлерге жиі тап болады. Соның ішінде нашақорлық және лудоманиялық тәуелділік мәселелері мектеп оқушыларының денсаулығына, психологиялық тұрақтылығына және болашақ тұлғалық қалыптасуына елеулі әсер ететін өзекті проблемаларға айналып отыр. Осыған байланысты оқушылар арасында қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру, интернетте өзін дұрыс қорғау дағдыларын дамыту және ойынға тәуелділіктің зияны туралы түсіндіру – маңызды профилактикалық бағыттардың бірі.

Дәрістің мақсаты
• Лудоманиялық (ойынға тәуелділік), нашақорлық тәуелділіктің алғашқы белгілерін, алдын алу жолдарын түсіндіру;
• Өз құқығын қорғау және көмек сұрау мәдениетін қалыптастыру;
• Жасөспірімдерге қайсар рух, табандылық, жауапкершілік туралы тәрбиелік бағыт беру;
• Салауатты психологиялық ортаны қалыптастырудың маңызын жеткізу.
Дәріс барысында оқушыларға баяндама оқылды. Баяндама барысында
1. Нашақорлықтың қауіптілігі
• Есірткі түрлері және олардың ағзаға әсері;
• Тәуелділіктің тез қалыптасуы мен одан шығудың қиындығы;
• Құқықтық жауапкершілік және өмірге қауіпті салдар;
• Есірткіден сақтану және салауатты өмір салтын ұстану.
2. Лудоманиялық тәуелділік және оның алдын алу
• лудоманияның психологиялық механизмі;
• компьютерлік және құмар ойындарға тәуелділіктің қауіптері;
• алғашқы белгілер (уақытты жоғалту, оқуға үлгермеу, агрессия, қызығушылықтың төмендеуі);
• денсаулыққа, ми қызметіне және әлеуметтік өмірге әсері;
• тәуелділікті болдырмау жолдары;
• бос уақытты тиімді ұйымдастыру тәсілдері туралы ақпарат берді.

Дәріс барысында арнайы слайдтар арқылы оқушыларға шынайы өмірден алынған мысалдар көрсетілді. Оқушылар белсенді қатысып, өз пікірлерін білдірді, өмірден мысалдар келтірді, киберқауіпсіздік және онлайн ойындар туралы сұрақтар қойды. Анонимді сауалнама жүргізіліп, оқушылардың ойынға тәуелділігі анықталды. Іс шара соңында оқушыларға ақпараттық парақшалар таратылды.
Өткізілген дәріс өз мақсатына толық жетіп, оқушылардың психологиялық қауіпсіздік туралы түсінігін кеңейтіп, оларды жауапкершілікке, төзімділікке және қауіп-қатерден қорғана білуге үйретті.
Нашақорлық және лудомания сияқты күрделі мәселелерді ашық талқылау оқушылардың санасында өзін-өзі қорғау дағдылары мен дұрыс әдеттер қалыптастыруға оң әсерін тигізді.
Дәріс оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға, өз эмоцияларын басқаруға, айналадағы адамдарға қолдау білдіруге және салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырды.
Дәріске қатысқан оқушылар тәуелділіктің қауіпті салдарының қаншалықты ауыр екенін түсініп, жауапкершілік сезімі артты. Дәріс нәтижесінде көпшілік оқушылар лудомания мен нашақорлықтың алдын алу жөнінде жаңа ақпарат алғанын және мұндай дәрістердің пайдалы екенін атап өтті.
Мектеп әкімшілігі дәрігер-интерндерге зор алғыс айтып, алдағы уақытта да осы бағыттағы профилактикалық шараларды жалғастыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спорттық және шығармашылық үйірмелерді дамыту жұмыстары қолға алынбақ.