Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТЕР УАҚЫТЫ – 2026...
26 мамыр 2026
1
0
0

«ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТЕР УАҚЫТЫ – 2026» форумы


Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығында «ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТЕР УАҚЫТЫ – 2026» форумы аясында «Инклюзивті сүйемелдеудің пәнаралық моделі: медицина, білім беру және әлеуметтік қолдауды интеграциялау» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау, оңалту, инклюзивті білім беру және медициналық-әлеуметтік сүйемелдеу бағыттарындағы заманауи тәсілдер мен халықаралық тәжірибені талқылауға арналды. Іс-шараны «Ұлттық медициналық қауымдастық» РҚБ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы», Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество өкілдігі, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырды. 

Конференция барысында Қазақстан, Ресей және Қырғызстаннан келген жетекші мамандар, ғалымдар мен сарапшылар баяндама жасап, тәжірибелерімен бөлісті. Пленарлық, практикалық және пәнаралық шешімдер сессияларында ерекше қажеттіліктері бар балаларды кешенді сүйемелдеу, аутизм спектрінің бұзылыстары, эпилепсиясы бар балаларды қолдау, әлеуметтік және медициналық оңалту, инклюзивті көмек көрсету және техникалық оңалту құралдары мен пәнаралық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. 
Сонымен қатар, қатысушылар үшін тәжірибелік шеберлік сыныптары ұйымдастырылып, оңалту, логопедия, инклюзивті білім беру және пациентке бағдарланған көмек бағыттары бойынша заманауи әдістер ұсынылды. Форумның екінші күні, яғни практикалық күн аясында қатысушылар үшін тәжірибелік жұмыстар, шеберлік алаңдары және әлеуметтік-медициналық нысандарды аралау ұйымдастырылды.

Пікірлер орны (0)