Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Қайырымдылық акциясын өткізді
14 наурыз 2026
1
0
0

Қайырымдылық акциясын өткізді

2026 жылдың 12 наурызында «Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының ұжымы мен «Фармацевтикалық өндірістік технология» БББ 1 курс кураторлық топтардың студенттерімен бірлесіп «Жүректен мейірімділік» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Бұл игі іс адамдардың бір-біріне деген қамқорлығын көрсетіп, басқалардың қолдауына, қамқорлығына сенім ұялатты. Мұндай қайырымдылық бастамалары адамдарды жақсылық жасауға шақыру арқылы қоғамдағы мейірімділік пен бірлікті нығайтады. Әрбір қатысушының жүрегіндегі жылулық пен жанашырлық «Жүректен келген мейірімділік» — шынайы адами құндылықтардың белгісі. Бұл іс-шара тек көмек қана емес, сонымен қатар мейірімділік пен жанашырлықтың маңызды үлгісіне айналды.
Біз талмай жақсылық жасап, басқаларға қолдау көрсетіп жатқан барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! Осындай игі істер көп болсын, қоғамымызда мейірімділік пен мейірімділік әрқашан басым болсын.

Пікірлер орны (0)