1 маусым балаларды қорғау күніне орай қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының оқытушылары «Қайырымдылық- жылы жүректен» атты іс-шара ұйымдастырып, Шымкент қаласы, Шығыс мөлтекауданында орналасқан «Мамандандырылған бөбектер үйі»мекемесіне балаларға арналған көптеген сәлем сауқаттарын алып, барып қайтты.
Жақсылық жасау- имандылықтың,тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» -деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде де жалғасып келеді.
Балаларға қамқорлығымызды аямай, оларды аялай білейік деген ниетпен алдағы уақытта демеуші боламыз деген ойдамыз.