
18.03.2026 ж. күні «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесіне орай ВМ-МҚАБ-01,02/24 оқу топтарының ұйымдастыруымен тағылымы мол, мазмұнды іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында ұлттық дәстүрлеріміз дәріптеліп, қазақ халқының бай мәдениеті мен салт-санасы кеңінен насихатталды. Қатысушылар арасында түрлі көріністер қойылып, ән мен жыр шырқалып, ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Бұл мереке тек көңілді уақыт өткізу ғана емес, сонымен қатар бірлік пен татулықты нығайтатын маңызды алаң болды.
Студенттердің белсенділігі мен шығармашылығы жоғары деңгейде көрініс тауып, әр қатысушы өз үлесін қосып, мерекенің шырайын аша түсті.