Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Қазақ тілі –ұлы даланың ұлтар...
12 қыркүйек 2025
35
0
0

«Қазақ тілі –ұлы даланың ұлтаралық тілі» республикалық форумы

2025 жылы 5 қыркүйек  күні Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен өткізілген  «Қазақ тілі –ұлы даланың ұлтаралық тілі» республикалық форумы болып өтті. Форумға қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының  оқытушылары Ж.Қ. Темірбекова, А.Т. Абдуллабекова, А.С.Жакипова, Д.Ж.Кемелхан, З.Б. Дүйсенбі, Ұ.М.Жакашбаева қатысты. Іс-шараға қазақтың зиялы қауымдары және көптеген мекеме қызметкерлері қатынасты.Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Құранбек Сәрсен Абайұлы  өз құттықтауында қазақ тілінің қадір-қасиеті мен маңыздылығы жайында айта келе, барша форум қатысушыларын атаулы  тіл мерекесімен құттықтады.  «Калькасыз қазақ тілі»телеграм-каналының авторы, редактор, аудармашы Назгүл Қожабек «Бұл қазақша қай қазақша» тақырыбында баяндама жасады. «Жарық жаққан ана тілі» композициялық қойылымы, мекерекелік концерттік бағдарлама  барлық форум қатысушыларына керемет көңіл күй сыйлады. 

 

Пікірлер орны (0)